«Ешкімге айтпаған сырларым» атты ти-чин өткізілді.

26 қараша күні №2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ел болып оқимыз» жобасы аясында ақын, жазушы, әнші-сазгер, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Үміт Битенованың шығармаларын насихаттау мақсатында «Ешкімге айтпаған сырларым» атты ти-чин өткізілді.

Шара барысында кітапханашы ақын өлеңдері көркемдік қарапайымдықпен көмкеріліп, барлық оқушының қолы жететіндей, жалпыға бірдей түсінікті оймен жазылғанын шығармаларын таныстыра отырып «Ауады да тұрады аңсарым», «Көңіл күнделігі», «Шын ғашықтар қосылмайды деген кім» атты кітаптарына шолу жасап,жазушының кітаптарын оқуға шақырды.

Возможно, это изображение 21 человек, люди учатся и текст