«Ерлігі ел есінде» тақырыбында ерлік сағаты өткізілді.
22 қазан күні Көкқайнар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Саттар Естемесов орта мектебінің бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ, Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Ерлігі ел есінде» тақырыбында ерлік сағаты өткізілді. Мақсаты: Қазақстан қаһарман ұлы Рақымжан Қошқарбаевтың өмір жолынан мәлімет беру, ерліктерін насихаттау, елін жерін қорғауға тәрбиелеу.

