“Ерлігі ұрпаққа үлгі” атты ерлік сағаты өткізді.
6 мамыр күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ы.Алтынсарин мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында ұйымдастырылған Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына орай “Ерлігі ұрпаққа үлгі” атты ерлік сағаты өткізді. Аталған шарада Әлияның өмірі және майдандағы ерлігі баяндалды. Оқушылар ерлік жайлы өлеңдерін оқыса, Боранбай Ердәулет батыр қызға арнау өлеңін тарту етті.

