«Ер Саттардың ерлігімен мақтанамыз» атты портрет кеші өткізілді.
30 қыркүйек күні Жаңа жол ауылдық кітапханасында Б.Момышұлы орта мектебінің 11 сынып оқушыларының қатысуымен Шу ауданы, Көкқайнар ауылының тумасы, жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Саттар Естемесовтың 105 жылдық мерейтойына орай «Ер Саттардың ерлігімен мақтанамыз» атты портрет кеші өткізілді. Кеш барысында кітапханашы оқырмандарға С. Естемесовтың өмір жолы, ерлігі, қайсарлығы туралы жазған ақын, жазушылардың кітаптарын ұсынып, бейнеслайд көрсетілді.

