“Ер мен жердің жеңісі” атты еске алу кеші өткізілді.
6 мамыр күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Ж.Баласағуни атындағы орта мектебінің 9,10-сынып оқушыларымен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай “Ер мен жердің жеңісі” атты еске алу кеші өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы Ұлы Отан соғыс кезіндегі қиыншылықтарды, халық көтерген қасіреттерді еске ала отырып, соғыс жылдарындағы жауынгерлерге рух берген әндер шырқалып, Әлия Молдағұлова жайында фильм оқырмандар назарына ұсынылды.

