«Елтаңбам елдігім, көк туым теңдігім, әнұран ерлігім» атты әдеби кеш өткізілді.
4 маусым күні Далақайнар ауылдық кітапханасында 4 маусым – Мемлекеттік Рәміздер күніне Т.Әшімбаев орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Елтаңбам елдігім, көк туым теңдігім, әнұран ерлігім» атты әдеби кеш өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларға еліміздің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны жайлы, олардың авторлары мен шығу тарихы туралы мәлімет беріп, рәміздер- халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер екендігін жас ұрпаққа жеткізді.
Шараға қатысқан кітапхана оқырманы Ж.Қожаева «Рәміздер ел беделі» атты баяндама оқыса, жас оқырмандар Ту,Елтаңба,Отан туралы өлеңдерін мәнерлеп айтты.

