«Елін танытқан ер Қонаев» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

10 қаңтар күні Тасөткел ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен «Елін танытқан ер Қонаев» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Іс-шараға Шерхан Мұртаза атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында кітапханашы Советтік Қазақстанды басқарған Д.Қонаев – шын мәнісінде еліміздің іргесін нықтап, еңсесін тіктеп, бүгінгідей куатты мемлекетке айналдырып кеткен жан екендігін айтып өтті. Шарада кітап сөресі ұйымдастырылып, сөреге шолу жасалынды.