“Елін танытқан ер – Қонаев” атты тарихи сағат өткізілді.

12 қаңтар күні Төле би ауылдық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастырумен кеңестік мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 112 жыл толуына орай “Елін танытқан ер – Қонаев” атты тарихи сағат өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларға қазақ елінің біртуар азаматы Д.А.Қонаевтың мемлекетке және халқына сіңірген еңбегін, ерлігін қажырлы жүргізген саясатын айтып өтті.