«Елін танытқан ер Қонаев» атты еске алу кеші өтті.
11 қаңтар күні аудандық орталық кітапханасының Білім орталығында халқымыздың біртуар перзенттерінің бірі, есімі дүние жүзіне мәшһүр болған аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 112 жыл толуына орай «Елін танытқан ер Қонаев» атты еске алу кеші өтті. Іс – шара барысында кітапханашы Димаш Ахметұлының «Ұлық болсаң кішік бол» деген қағиданы берік ұстанғанын, халықтың алдында қаншалықты өзін төмен ұстаған сайын халқы оны соншалықты биікке көтергендігін, ұлы тұлғаның өмірі мен ел дамуы үшін қосқан үлесі туралы деректермен таныстырып, білімдерін кеңейтті. Шараға кітапханамыздың тұрақты оқырмандары №10 кәсіптік колледжінің білімгерлері қатысып, Т.Бекетаев ұлы тұлғаның қызығатын хоббилерін атап өтсе, Ғ.Айтанова «Сен менің Алатауым арқамдағы» атты өлең шумағын оқып берді.

