«Елін танытқан ер Қонаев» атты сыр кеші өтті.
12 қаңтар күні Бірлік ауылының кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен М.Х.Дулати мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен қазақ ғылымына өлшеусіз еңбек сіңірген ірі ғалым Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күніне орай «Елін танытқан ер Қонаев» атты сыр кеші өтті. Шара барысында кітапханашы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмір жолымен халқына жасаған адал еңбектерімен таныстырды.

