«Елін қорғау – ерге серт»патриоттық сағат өтті.

3 мамыр күні орталық кітапхананың білім орталығында оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Е.Бекмаханов мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен Отан қорғаушылар күніне орай «Елін қорғау – ерге серт»патриоттық сағат өтті.

Іс-шара барысында кітапханашы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуы, Отанымыздың бейбітшілігін сақтаудағы маңызы жайлы, әскери өнердің өзіндік ерекшелігі туралы мағлұмат бере отырып ұлтжандылық қасиеттерді дәріптеді. Оқырмандар өз ойларын айтып, елін қорғаушы жауынгерлердің ерліктері туралы әңгімелерімен бөлісіп, А.Қайратқызы «Тірегімсің сен Отан!» атты өлеңін оқып берді.

Возможно, это изображение 15 человек, люди учатся, детская игрушка, отдел новостей и текст