«Елімнің еркіндігі –Тәуелсіздік» атты тарихи сағаты өтті.

12 желтоқсан күні  орталық кітапхананың «Білім» орталығында оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Елімнің еркіндігі –Тәуелсіздік» атты тарихи сағаты өтті.Шараға №10 Шу колледж кітапханашысы Ш.Танабаева және білімгерлері қатысты. Аталмыш шара Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылып, Тәуелсіздіктің туын желбіреткен аға-апкелерімізді 1 минуттық үнсіздікпен еске алды. Іс-шара барысында кітапханашы еліміздің Тәуелсіздік жолындағы тарихи маңызды мәліметтер мен деректерге тоқталып, теледидар арқылы қысқа метражды деректі фильм көрсетті. Білімгерлер ақын жазушылардың өлең жолдарын жатқа айтса, Ш.Мамырхан Секен Тұрысбектің «Көңіл толқыны» күйін орындады. Кеш соңында “Елімнің еркіндігі-Тәуелсздік!” атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, таныстырылды.