«Елімнің бақытын тербеткен Туелсіздік» атты тарихи сағат өткізілді.
12 желтоқсан күні Далақайнар ауылдық кітапханада Т.Әшімбаев атындағы орта мектептің 9 сынып оқушыларың қатысуымен «Елімнің бақытын тербеткен Туелсіздік» атты тарихи сағат өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы Тәуелсіздік күні туралы мағлұмат бере отырып, желтоқсан құрбаны болған Қайрат Рысқұлбековтың өмірбаянына тоқталып, ерлігін мен ақындығы жайында айтып өтті. Осы тарих сағатына қатысқан оқушылар Қазақ елінің тәуелсіздігі жолында құрбан болған қыздарымыз (Ләззат, Сабира, Ербол және Қайрат) ағаларымыз туралы жазылған өлеңдерін оқыды. Кітапханада «Желтоқсан жаңғырығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырыды. Осы көрмеге қойылған «Желтоқсан көтерілісі» атты көп томдық кітаппен оқушыларды таныстырып, кітапқа шолу жасады.
