«Елім деп соққан алып тұлға» атты еске алу кеші өтті.

12 қаңтар күні Қонаев ауылдық кітапханасында, мәдениет үйі жанынан құрылған көркемсөз үйірмесімен бірлесе отырып қазақтың біртуар тұлғасы, аса көрнекті және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, КСРО және шет ел ордендері мен медальдарының иегері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 112 жылдығына орай «Елім деп соққан алып тұлға» атты еске алу кеші өтті. Ісшара барысында бір минуттық үнсіздік жарияланып, кітапханашы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмір жолына арналған бейне ролик ұсынды. Ауыл ақсақалы Ж.Оспанов, Қазақстан Республикасының Чуваш мәдени орталығының төрағасы Н.Храмов сөз сөйлеп, оқушыларға Д.Қонаевтың еңбек жолы туралы айтып өтті. Кітапхананың тұрақты оқырмандары Димаш атамызға арналған өлең шумақтарын арнады. Шара соңында оқырмандар «Мақтан тұтар ұлы тұлға» атты кітап көрмесімен танысып, «Елім деп соққан алып тұлға атты» кинолента әдісі арқылы алып тұлғаға арналған ескерткіштер мен Қонаевтың басқаруымен Қазақстанда салынған 43 қаланы тамашалады.