«Елдіктің еркін тынысы» атты танымдық сағаты өтті.
23 қазан күні Қонаев ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Республика күніне орай «Елдіктің еркін тынысы» атты танымдық сағаты өтті. Іс шара барысында кітапханашы оқырмандарға туған жерін,туған елін,халқын ардақтау керектігін түсіндіріп өтті. Шара соңында додекаэдр әдісі арқылы ойын ұйымдастырылып, оқушылар отан,туған жер туралы сұрақтар мен жұмбақтарға жауап берді. Шара соңында оқырмандар мақал-мәтелдер айтып жарысты.

