“Елдіктің асыл тірегі-Ата Заң” тақырыбында патриоттық сағат өткізілді.
29 тамыз күні Бірлік ауылдық кітапхана мен клуб қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Елдіктің асыл тірегі-Ата Заң” тақырыбында патриоттық сағат өткізілді. Шара барысында оқырмандарға Қазақстан Республикасының заңымен таныстырып, заң туралы қойылған сұрақтарға дұрыс жауап берген балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.
Конституция күніне орай әсем әуен шырқалып, күй күмбірлеп, балалар өлең шумақтарын мәнерлеп оқыды.

