«Елдің сұлу еркесі» атты әдеби караоке өтті.

6 ақпан күні орталық кітапхананың Білім орталығында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясының оқушыларының қатысуымен Қазақстанның еңбек сіңірген әншісі, белгілі әнші Бағдат Самединованың туғанына 70 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Елдің сұлу еркесі» атты әдеби караоке өтті. Шарада кітапханашы әншінің өмірбаянымен таныстырып, репертуарындағы әндерін тыңдап, «Сарыарқа», «Қазақстан» атты әндеріне қосыла шырқады.