«Ел жадында жаңғыруы тиіс есім» атты портреттік кеш өтті.
27 наурыз күні Ақтөбе ауылдық кітапханасында Кеңес Одағының батыры, пулеметші Саттар Естемесовтың туғанына 105 жыл толуына орай «Ел жадында жаңғыруы тиіс есім» атты портреттік кеш өтті. Шара барысында батырдың өмірбаянымен таныстырып, азаматтық борышын ерен ерлігімен өтеп, елін жан аямай қорғап, лапылдаған соғыс отының ішінде қаза тапқан жерлесіміздің ерлігі үшін «Кеңес Одағының батыры» атағы берілгендігін кейінгі ұрпақ батырлық пен ерлік көрсеткен майдангерлерімізді ешқашан ұмытпақ емес екендігі айтылды. Кеш соңында «Ел үшін туған Ер Саттар», «Еріне қарап, елін таны», «Шу өңірі энциклопедиясы» атты кітаптарына шолу жасалды.

