«Ел тірегі дені сау ұрпақ» атты флешмоб өтті.
5 сәуір күні Бәйдібек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Ел тірегі дені сау ұрпақ» атты флешмоб өтті. Мақсаты: денсаулық – адам баласының азбас қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі екенін бүгінгі жас ұрпаққа түсініп, оны бағалай білуге үйрету.

