“Ел намысын көтерген…” тақырыбында портреттік кеші өтті.

13 желтоқсан күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ы.Алтынсарин мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен күш атасы, қазақтың халық композиторы Балуан Шолақ Баймырзаұлының 160 жылдық мерейтойына орай “Ел намысын көтерген…” тақырыбында портреттік кеші өтті. Шара барысында кітапханашы ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны туралы өмір тарихын айта отырып, Балуан Шолақ және қазіргі балуандар ұқсастықтары туралы айта келе, казіргі заманғы қазақ балуандары туралы, қазақ елінің қазақ спортындағы қол жеткен жетістіктері туралы оқушылар арасында ой қозғалды.

Возможно, это изображение 20 человек, люди учатся и детская игрушка