,,Ел есінде ер Саттар» тақырыбында кітапхана оқырмандарымен еске алу сағаты болып өтті.
27 қыркүйек күні Көкқайнар ауылдық кітапханасында өлкетану бағытында ауылымыздың мақтанышы,тумасы Кеңес одағының батыры Саттар Естемесов тың туылғанына 105 толуына орай ,,Ел есінде ер Саттар» тақырыбында кітапхана оқырмандарымен еске алу сағаты болып өтті.Саттар Естемесов ұлы Отан соғысында Отан үшін от кешіп елін,жерін қорғау үшін туған жерінен қан майданға аттанып,майдан шебінде ерлікпен қаза тапқан жерлесіміз туралы түсінік беріліп батырға арнап жазылған Болат Раяна ,,Саттар», Бекен Нұрай ,,Ескерткіш жанындағы ой», Қырғызбай Ералы ,,Саттар батыр жауынгер» тақпақтарын айтып,батыр туралы жазылған,,Ер үшін туған ер Саттар» кітабымен таныстырылды.

