“Ел ертеңі жастар” атты әдеби кешін өткізді.
12 тамыз күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері «Жасыл ел» жастарының қатысуымен Халықаралық жастар күніне орай “Ел ертеңі жастар” атты әдеби кешін өткізді. Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Ертеңгі елдің бек тірегі, болашақтың бастауы. Жарқын болашақ үшін өскелең ұрпақ ұлылардың ұлағатты өмір жолынан үлгі алып, аянбай еңбек етуі керек. Халқымыз ел келешегінің жарқын болуын үнемі жастармен байланыстырады. Осы мақсатта өткізілген шарада кітапханашы жастарды мерекелерімен құттықтап, қазақ елінің жарқын болашағы, бойында патриоттық сезімі алаулап жанып тұрған, өз отанынын сүйетін жастардын қолында екені және заманауи білікті мамандық иесі атану үшін тынбай іздену, жан-жақты болу керектігін айтты. Қатысушылар да өз ойларымен бөлісті. Кеш соңында кішкентай қатысушылар би биледі. Іс шараға 18 адам қамтылды.





