«Егемендік күні-тарихи қадам» атты тәрбие сағаты өтті.

23 қазан күні Тасөткел ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Ш.Мұртаза орта мектебінің бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен 25 қазан – Республика күніне орай «Егемендік күні-тарихи қадам» атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Шара соңында кітапханашы «Менің отаным- Қазақстан!» тақырыбында кітап көрмесіне шолу жасады.

Возможно, это изображение 26 человек, люди учатся и текст