“Еңсесі биік-Ұлы Жеңіс!” атты әдеби кеш өтті.
6 мамыр күні Қонаев ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 9 мамыр -Жеңіс күніне орай “Еңсесі биік-Ұлы Жеңіс!” атты әдеби кеш өтті. Іс шара барысында оқырмандар “Жеңіс”,”Ерлік” туралы патриоттық әндер мен өлеңдер оқып, “Аруым” би тобы мен Горошко Таисия биден шашу шашты. Кеш соңында оқушылар “Жеңіс” туралы шағын кинолента тамашалады.

