«Еңселі елорда,асқақтаған Астана!» тақырыбында тарихи круиз өткізілді.
5 шілде күні Бірлікүстем ауылдық кітапханасында елордамыз Астана қаласының туған күніне орай «Еңселі елорда,асқақтаған Астана!» тақырыбында тарихи круиз өткізілді. Кеш барысында кітапханашы Астанамыз сан-түрлі арман қиялдарды жүзеге асыратын, сан-қилы тағдырларды тоғыстырып жатқан көркем де керемет қала екендігі туралы айтып, Сарыарқаның төсінде Ерке Есілдің жағасында көсіле созылған сұлу бойжеткендей құлпырып келе жатқан Елорда әр қазақтың мақтанышы екендігі жайлы видеослайд көрсетті.

