“Достық ұлы қасиет” атты сторитилинг өткізді.

30 сәуір күні Тасөткел ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне “Достық ұлы қасиет” атты сторитилинг өткізді.

Мақсаты: Ынтымақтастыққа, достыққа, өз отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Шараға Ш.Мұртаза атындағы орта мектептің 6 сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы, іс-шараның мақсатымен таныстырып, баяндама оқып, оқушыларды ынтымақтастық достық күнімен құтықтады.