«Домбыра-қазақтың асыл қазынасы» атты әдеби әуенді кеш өткізілді.
1 шілде күні Абайдың даналығы мен Құрманғазының күмбірлеген күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні. Домбыра қазақтың қадірі мен қасиетін атадан балаға жалғап келе жатырған жәдігер. Ұлттық салт-дәстүрлерімізді тіліміз бен музыкамызды, әдебиетімізді бір сөзбен айтканда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі сақтау мақсатында зағип және нашар көретін арналған азаматтарға бөлімінің ұйымдастыруымен домбыра күніне орай «Домбыра-қазақтың асыл қазынасы» атты әдеби әуенді кеш өткізілді. Шараның мақсаты жастардың, бөлім оқырмандарының ой ұшқырлығын шыңдап, ата-бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға қызығушылық сезімін оятып және өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыру.
Шара барысында кітапхананың жас оқырманы Темірбек Алижан ұлттық домбырамызда күйлер орындап көпшілік оқырмандарды күй әлеміне бір алып барып келді. Күмбірлеген домбырамен Белсенді оқырмандар бөлімнің қонағы киелі Шу өңірінен шыққан Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Шу өңірінің Құрметті азаматы ақын Базарбай Аскартегі мен Б.Қасымқұлов әндерін нақышына келтіре орындады. Тыңдағанның құлағынын құрышын қандыратын, ойлағанның ойын шындайтын шіркін ұлттық домбырамызга не жетсін…

