«Діннің қоғамдағы рөлі» тақырыбында ой талқы өткізілді.

23 сәуір күні Мойынқұм ауылдық кітапханаха қызметкерінің ұйымдастыруымен діни сауаттылықты ашу мақсатында «Діннің қоғамдағы рөлі» тақырыбында ой талқы өткізілді. Іс-шараға Қорағаты ауылдық округі әкімшілігінің бас маманы, дін бойынша жауапты маман С. Даулеталиев және «Жамбыл облысы әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығының» Шу ауданы бойынша арнайы бөлім инспекторы Н. Боранқұл арнайы келіп, жастарымыздың жат діни ағым жетегінде кетудің ең алғашқы, басты себебі діни білімсіздік екенін түсіндірді. Оқушылар өздерінің сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

Нет описания фото.