«Діни толеранттылық – бейбітшілік кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
12 ақпан күні орталық кітапхана қызметкерлері Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназия оқушыларының қатысуымен желілік кестеге сәйкес «Діни толеранттылық – бейбітшілік кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Кеш қонағы Жамбыл облысы дін проблемаларын зерттеу орталығы КММ-нің Шу ауданы бойынша арнайы бөлім инспекторы Б. Нұрдәулет қатысты. Іс шара барысында маман оқушыларға діни сауаттылық және діннің құрылымы жайлы рухани әңгіме айтып, теріс ағымдардың қоғамға зияны турлы баяндады. Оқушылар да шараға белсене қатысып, көкейлерінде жүрген сұрақтардың жауаптарын алды.

