«Діни сауаттылық тәрбие бастауы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

7 тамыз күні Еңбекші ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Діни сауаттылық тәрбие бастауы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты: оқырмандардың ислам діні мен имандылық туралы түсініктерін кеңейту, діни тәрбие берумен қатар бір, олардың ойлау қабілеттерін шыңдау, жастарды тазалыққа, адалдыққа, қайырымдылық пен мейірімділікке, ізгілікке, адамгершілік және ұлтжандылыққа тәрбиелеу.