«Діни экстремизм-қауіпті құбылыс» атты талқылау кеші өтті.
6 қараша күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Шу қаласының мешіт имамы Ш.Қамаубаев, «Алмас» колледж білімгерлерінің қатысуымен «Діни экстремизм-қауіпті құбылыс» атты талқылау кеші өтті. Шара барысында кітапханашы діни сауатты болу, қоғамның дамуына үлесін қосу туралы баяндама оқып, білімгерлер тақырып аясында белсенді талқылап, өз ойларымен бөлісіп, мешіт имамы Ш.Қамаубаев өз тараптарынан әртүрлі сұрақтарға жауап берді.

