“Дінге артылса сенімің, Имандылық болар серігің” атты тич – ин өтті.

10 қаңтар күні Көктөбе ауылдық кітапханасында “Дінге артылса сенімің, Имандылық болар серігің” атты тич – ин өтті. Іс шараға ауыл ақсақалдар мүшесі Ж.Оспанов, спорт әдіскері С. Бөрібаев және тұрақты оқырмандар қатысты. Шара барысында оқырмандарымызға ислам және оның шарттары туралы айтылып, жас ұрпақтарымызды діни сауаттылығын арттырып, дін туралы түсініктерін кеңейту керектігін айтып өтті. Сондай ақ қазіргі таңда қоғамды жайлап бара жатқан түрлі келімсек діни ағымдар мен күресу , сақтану жолдары турасында өзара пікірлерін ортаға салды.