«Дін және қоғам» тақырыбында кездесу кеші өтті.
20 қыркүйек күні орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен №10 Шу колледж білімгерлерінің қатысуымен «Дін және қоғам» тақырыбында кездесу кеші өтті. Кеш қонағы Жамбыл облысы дін проблемаларын зерттеу орталығы КММ-нің Шу ауданы бойынша арнайы бөлім инспекторы Н.Боранқұл, Н.Бақтияр қатысып, білімгерлерге діни сауаттылық және діннің құрылымы жайлы рухани әңгіме айтып, теріс ағымдардың қоғамға зияны турлы баяндады. Білімгерлер шараға белсене қатысып, көкейлерінде жүрген сұрақтардың жауаптарын алды.

