“Дін- тәрбие дінгегі” атты тич-ин өтті.

26 қыркүйек күні Көктөбе ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Дін- тәрбие дінгегі” атты тич-ин өтті. Іс шараға Жамбыл облысы әкімдігінің “Дін проблемаларының зерттеу орталығы” КММ – нің Шу ауданы бойынша арнайы бөлім басшысы Смаилов Мырзабек, спорт әдіскері Сағат Бөрібаев және Жамбыл атындағы орта мектебінің 9-10 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында оқушыларға ислам және оның шарттары туралы айтылып, жас ұрпақтарымызды діни сауаттылығын арттырып, дін туралы түсініктерін кеңейту керектігін айтып өтті. Сондай – ақ қазіргі таңда қоғамды жайлап бара жатқан түрлі келімсек діни ағымдар мен күресу, сақтану жолдары тұрасында өзара пікірлерін ортаға салды.