“Дін— тәрбиенің рухани тірегі” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
15 ақпан күні Төле би ауылдық балалар мен жасөспірімдер кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Дін— тәрбиенің рухани тірегі” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Іс-шарада “Дін саласындағы өзекті мәселелер” кітабы таныстырылып, оқушылар көкейінде жүрген сұрақтарына тұщымды жауап алды. Оқушыларға діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға үйрету, мұсылман дінінің өміршеңдігін және ислам дінін насихаттау.


