«Денсаулық зор байлық» атты дойбыдан достық ойын өтті.
5 сәуір күні Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінің ұйымдастыруымен 7 сәуір -Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Денсаулық зор байлық» атты дойбыдан достық ойын өтті. Денсаулық күнін атап өту, бұл қалың жұртты өз денсаулығына назар аударту, оның маңыздылығын, құндылығын түсіндіру, адамдардың денсаулығын сақтап қалу үшін не істеу қажет екендігін жеткізу мақсатында өткізілген іс-шараға бөлім оқырмандары қамтылды .

