«Дария көңіл ақын» тақырыбында оқу марафоны өтті.

13 маусым күні Бәйдібек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен тұрақты оқырмандардың қатысуымен халық ақыны, күміс көмей әнші әрі композитор Кенен Әзірбаевтың 140 жылдық мерейтойына орай «Дария көңіл ақын» тақырыбында оқу марафоны өтті. Шара барысында кітапханашы тума таланттың әрбір шығармасының шығу тарихы жастарға кеңінен айтылып, толымды ақпарат берілді. Оқушылар ақынның шығармаларын оқып, әдебиеттерімен танысты.

Нет описания фото.