«Дара тұлғаның дара жолы» тақырыбында өмірбаяндық шолу өтті.

27 мамыр күні орталық кітапхананың білім орталығында Е. Бекмаханов мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушыларының қатысуымен қарымды қаламына сан алуан тақырып пен тағлымды қазық қылған ақын, драматург, прозашы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі І.Жансүгіровтің туғанына 125 жыл толуына орай «Дара тұлғаның дара жолы» тақырыбында өмірбаяндық шолу өтті. Кітапханашы әсемдік пен әдемілікке жетелеген, тылсым табиғатты талғампаз да тартымды сөздерімен әрлей білген ақынның өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстырды. Іс шара еліміздің аса көрнекті ақыны , қазақ көркем сөз өнерінің асқан шеберлерінің бірі екенін оқырмандарға ұғындыру, ақын жырлары арқылы жастарды туған жерін, елін сүюге , табиғатты аялауға шақыру мақсатында ұйымдастырылды.

Нет описания фото.