«Дәуір данасы» атты буктрейлер өткізді.

10 қаңтар күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдасыруымен кеңестік мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың 112 жылдық мерейтойына орай «Дәуір данасы» атты буктрейлер өткізді. Мақсаты: халқымыздың біртуар азаматы Д.А.Қонаев атамыздың өмірі мен шығармашылығы, игі істерімен таныстыру. Адамгершілік асыл қасиеттерін үлгі тұтуға тәрбиелеу. Кітапханашы Дінмұхаммед Ахметұлының өмірімен, еңбек жолымен, игі істерімен таныстырып және де адамгершілік асыл қасиеттерін үлгі тұту жайында оқушыларға айтып, кітапхана қорындағы кітаптарымен таныстырды.

Возможно, это изображение 16 человек, люди учатся, детская игрушка и текст