“Біржан сал- қазақ ән-жырының шамшырағы” атты сыр кеші өтті.
20 қыркүйек күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен “Kitap Time-2024 “ Республикалық кітап фестивалі аясында ХІХ ғасырдағы қазақ халқының мәдениет тарихынан елеулі орын алатын ірі ақындардың бірі Біржан Қожағұлұлының 190 жылдығына арналған “Біржан сал- қазақ ән-жырының шамшырағы” атты сыр кеші өтті. Шара барысында ақынның лирикалық өлеңдері, айтыс өнері мен қазақ ауыз әдебиетіне қосқан бай мұралары жайлы баяндап, видеоролик арқылы оқушыларға өмірі мен айтыс ретінде жеткен жырларынан мәліметтер көрсетілді.

