«Бір кем дүние» шығармасын насихаттау мақсатында дөңгелек үстел өтті.

21 мамыр күні орталық кітапхананаң оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Өміріме әсер еткен бір кітап» кітапханалық жобасы аясында Қазақстанның халық жазушысы, Алаштың бел азаматы Шерхан Мұртазаның «Бір кем дүние» шығармасын насихаттау және оқырмандарды кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында дөңгелек үстел өтті. Кітапханашы оқырманның ыстық лебізіне ие болған кесек шығарма «Бір кем дүние» кітабын насихаттай отырып, Шерағаның өмірі мен шығармашылығын оқырмандар назарына ұсынды. Іс-шара барысында Е.Бекмаханов мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушылары қатысып өз ой пікірлерін ортаға салды. Шара соңында кітапханашы оқырмандарды “Кемел ойлы, зерделі жазушы” атты кітап көрмесімен таныстырып өтті.