“Бір атаның баласы” атты тәрбие сағаты өтті.
31 қаңтар күні Абай ауылдық кітапханасында ғалым-әдебиеттанушы, Қазақстанның халық жазушысы, филология ғылымдарының кандидаты Мұхтар Мағауин туылғанына 85 жыл толуына орай “Бір атаның баласы” атты тәрбие сағаты өтті. Қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. «Қазақ әдебиеті» газетінің бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасы, «Жалын» журналы бас редакторларының орынбасары, Әдебиет институты және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аға ғылыми қызметкері, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы, доценті, «Жазушы» баспасының, «Жұлдыз» журналының бас редакторы қызметтерін атқарған. Іс шара барысында кітапханашы өмірбаянымен және шығармашылығы туралы мәлімет берді.

