«Білім көзі кітапта» атты әдеби орындық өткізілді.

24 қаңтар күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Әулиеата-кітап оқитын өңір» жобасы аясында Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Білім көзі кітапта» атты әдеби орындық өткізілді. Мақсаты: Абай Құнанбаевтың мол мұрасын насихаттау арқылы, оқырмандардың бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін бойына сіңіу. Кітапхана мен оның оқырмандары арасындағы байланысты нығайту.