«Балауса бағым, шаттық пен қуаныш ордасы» тақырыбында Open-air шарасы өтті.
31 мамыр күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен М. Жүнісәлиев атындағы саябағында 1 маусым балаларды қорғау күніне орай балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігі мен бақытты балалық шағын қамтамасыз ету мақсатында балаларға арналған ашық аспан астындағы «Балауса бағым, шаттық пен қуаныш ордасы» тақырыбында Open-air шарасы өтті. Іс шарға «Раушан» бөбекжай бақшасының мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндері қатысып, би билеп өз өнерлерін көрсетіп, түрлі ойындар ұйымдастырылды. Мерекелік кеште кітап қорындағы балаларға арналған 3 д кітаптарымен жасақталған «Балаларға базарлық» атты кітап көрмесі таныстырылып, шара соңында тәттілер таратылды.






