«Балалықтың бал сыры-қаламынан тараған» атты сыр сандық өткізілді.

4 наурыз күні №2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлінің ұйымдастыруымен «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Балалықтың бал сыры-қаламынан тараған» атты сыр сандық өткізілді.

Іс-шара барысында кітапханашы Бердібек Ыдырысұлының өмірі мен шығармашылық еңбектерімен таныстырып, оқушылар сыр сандыққа жасырылған сұрақтарға жауап берді.

Возможно, это изображение 27 человек, люди учатся, детская игрушка и текст