“Балалық шаққа саяхат” тақырыбында өмірбаяндық шолу өткізілді.

18 қаңтар күні Абай ауылдық кітапханасында “ Бір ел- бір кітап 2024” акциясы аясында қазақтың классик жазушысы Б.Соқпақбаевтың “Балалық шаққа саяхат” тақырыбында өмірбаяндық шолу өткізілді. Шара барысында кітапханашы оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармашылығын таныстырып, әлемге танылған әйгілі шығарманын мазмұнын түсіндірді. Жазушының кітаптарына шолу жасап, өзі өмір сүрген кезеңнің келбетін боямасыз суреттеген қаламгер туралы баяндады.