«Балалық шаққа саяхат» атты тич-ин өтті.
20 ақпан күні Сауытбек ауылдық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын насихаттау мақсатында «Балалық шаққа саяхат» атты тич-ин өтті. Іс-шара барысында кітапханашы қазақ балалар әдебиетінің қаламгері Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы баяндалып, балалық шақтың балауса күндерін бүгінгідей көз алдыңа әкелер тұғыры биік туынды – «Балалық шаққа саяхат» атты кітабы таныстырылды.

