«Балалық шаққа саяхат» атты танымды сағат өтті.
16сәуір күні Белбасар ауылдық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын насихаттау мақсатында «Балалық шаққа саяхат» атты танымды сағат өтті. Іс-шара барысында кітапханашы қазақ балалар әдебиетінің қаламгері Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстырып, балаларға “Балалық шаққа саяхат”, “Менің атым Қожа” әңгіме-повесі оқырмандарға таныстырылып, насихатталды.

