“Балалық шаққа саяхат” атты сторителлинг өтті.

19 маусым күні Шоқпар ауылдық кітапханасында Республикалық “Бір ел- бір кітап” акциясы аясында қазақ әдебиетінде айшықты із қалдырған, көркем сөз шебері, классик жазушы Б.Соқпақбаевтың шығармаларын насихаттау мақсатында Ораз Жандосов атындағы орта мектептің оқушыларымен “Балалық шаққа саяхат” атты сторителлинг өтті. Жазушының асқақ рух пен асыл адамгершілік қасиеттерді баяндайтын өшпес туындыларына библиографиялық шолу жасалды.