«Балалық шаққа саяхат» атты буккроссинг өтті.
19 қаңтар күні Бірлік ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен М.Х.Дулати мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен “ Бір ел- бір кітап 2024” акциясы аясында балалар әдебиетінің бәйтерегі Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» атты буккроссинг өтті. Шара барысында кітапханашы оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармашылығын таныстырып, повесьте жазушы өз кейіпкерлерінің портретін шебер суреттеп, әрқайсысын өзіне тән тілде сөйлете білгені туралы баяндап, оқырмандар жазушының «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтып келмейді», «Менің атым Қожа» кітаптарын қызыға бір- бірімен алмасып оқыды.

